Дәм тартып жатқа, кеттің бе қалқам,
Жар болар жасқа, жеттің бе қалқам.
Синалған жерде, сыр берме қалқам,
Қыналған жерде, сүрінбе қалқам.
Еліңді ойлап, егілме қалқам,
Анаңды аңсап, езілме қалқам.
Жамандық көрсең, жасыма қалқам,
Табылам әр кез, қасыңнан қалқам.
Жер басып жүрсем, қорғаның болам,
Суықтан қорғар, орманың болам.
Әкеңді ойлап, сағынба қалқам,
Сыйлы бол әр кез, жарыңа қалқам.
Еліңді ойлап, егілме қалқам,
Анаңды аңсап, езілме қалқам.
Жамандық көрсең, жасыма қалқам,
Табылам әр кез, қасыңнан қалқам.
Еліңді ойлап, егілме қалқам,
Анаңды аңсап, езілме қалқам.
Жамандық көрсең, жасыма қалқам,
Табылам әр кез, қасыңнан қалқам. (x2)